• Дөләт тили – мустәқиллик һули
  • 16 Қыркүйек, 2023

Ахмет Байтұрсынұлының қолжазбасынан тың деректер анықталды

Алматы қаласында орналасқан ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек қорында Ахмет Байтұрсынұлының «Шаруашылық өзгерісі» атты 107 беттен тұратын төте жазумен жазылған қолжазбасы сақталған. Бұл  Ахмет Байтұрсынұлының 1915 жылдан бастап шаруашылық, экономика, мәдениет тақырыптарын зерттеп жазған көлемді еңбегі. Ғалымдар «Шаруашылық өзгерісі» атты қолжазбаны өткен ғасырдың басында саяси қысымның арқасында тәркіленіп, күні бүгінге дейін табылмай келе жатқан «Мәдениет тарихы» атты еңбекпен байланысы бар деп топшылайды.
Қолжазба сызықсыз сары қағаздан жасалған дәптерге жазылған. Әр бетке көрнекті, үлкенірек әріппен 14-15 жол ғана жазу сыйған. Қолжазбаның 1-бетінің басында төте жазумен «Ахмед Байтұрсынұф» деп жазылса, одан кейін «Шаруашылық өзгерісі» деп еңбектің аты көрсетілген. Әр тарау аяқталғаннан соң автор «А.Б» деп төте жазумен қолтаңбасын қойып отырған. Бұл қолжазба әзірге ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған жалғыз еңбегі болып отыр.
Қолжазба 1940 жылы кітапхананың «Спец хран» арнайы сақтау қорына тіркелген. 1989 жылдан бері сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі қорында сақтаулы. Ғалымдар тарапынан қолжазбаға назар аударылып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

                                

422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы