• Дөләт тили – мустәқиллик һули
  • 11 Қаңтар, 2024

Қажымұқанның «Джамбия» қанжары Ұлттық музейге табысталды

Жаңа жыл қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі «Джамбия» қанжарын ҚР Ұлттық музейінің қорына салтанатты табыстау рәсімі өтті. Қанжарды музей қорына мәжіліс депутаты Ардақ Назаров тапсырды.
 Сонымен қатар, шара барысында Ұлттық музей қорындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды. Бүгінгі күні музей қоры қанжармен толығып, балуанға қатысты жәдігерлер саны 27-ге жетті.
 Айта кетейік, 1909-1911 жылдары Қажымұқан Мұнайтпасұлы ең мықты түрік балуандарымен жекпе-жекте сәтті өнер көрсетіп, түріктің ең атақты балуаны Нуруллахты жеңді. Оған тәнті болған Стамбұл қаласының хакімі Шағыр паша Қажымұқанды өзімен бірге Меккеге қажылыққа баруға шақырады. Оған келісімін берген балуан елге «қажы» деген атақпен оралады.


                                    
                                                                    
                        

512 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы