- Дөләт тили – мустәқиллик һули
- 18 Қаңтар, 2024
Түркістанда базарлар ішінде кітапхана ашу жобасы басталды
Түркістан облысында халық көп шоғырланған базарларда кітапхана ашу жобасы қолға алынды. Бүгін сол жобаға сай алғаш рет Түркістан қаласындағы «Қуаныш» сауда орталығында «Фараб» кітапханасының пункті ашылды.
Мұнда түрлі бағыттағы көркем әдебиеттер мен кәсіпті нығайтуға бағытталған және жігер беретін әлемдік бестселлерден құралған 3 мыңға жуық кітап қоры бар. Бұл туындылар кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосып қана қоймай, жаңа әрі креативті идеялардың тууына мүмкіндік бермек. Халықтың сұранысына сай кітап сөрелері тұрақты түрде жаңартылып отырады. Сонымен қатар арнайы қатарлар немесе шкафтар орнатылып, сол жерде азаматтар оқыған кітаптарын сыйға қалдырады немесе басқа кітаптармен алмастырып оқи алады. Сонымен бірге азаматтарға мерзімді басылымдар мен көркем әдебиеттерді, балаларға арналған кітаптарды ұсынады. Оқуға жайлы орта жасап, оқырманмен тығыз байланыс орнатып, келушілердің уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.
Өңірде жалпы 39 базар жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам кәсіпкер сауда-саттықпен айналысуда. Жоба аясында аудан, қалалардағы үлкен сауда орталықтарында да кітапханалар ашылып, бастама жалғасын табатын болады.
613 рет
көрсетілді0
пікір