• Шаңырақ
  • 11 Шілде, 2024

Мәңгілік алау табиғи газға қосылды

 Минәмжан АСИМОВ,
 «Uiğur avazi»

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алау бұған дейін газ жинау қондырғысын арқылы автономды режімде сұйытылған газбен жабдықталып келген. Енді «QazaqGaz Aimaq» мекемесі тарапынан табиғи газ тартылып, тегін және үздіксіз жеткізілетін болады. Осыған байланысты Даңқ мемориалына жиналған көпшілік қауым алдында «QazaqGaz Aimaq» АҚ төрағасы Бауыржан Асқаров еліміздің барлық аймақғында алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымына толық дайын болатынын мәлімдеді. 
 — «QazaqGaz Aimaq» АҚ мамандары қазіргі сәтте алдағы жылыту маусымына әзірлік жұмыстарының 47 пайызын аяқтап үлгерді. Күзгі-қысқы кезеңнің басында дайындық 100% болады. Жалпы, жылыту маусымына дайындық барысы жоспарға сай әрі сапалы жүргізілуде. Еліміздің барлық аймағында газ қондырғыларын жөндеу мен ауыстыру жұмыстарын Компанияның техникалық қызмет көрсету мамандары атқаруда. Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алау мемориалы біздің Алматы өндірістік филиалы нысандарының қатарына енді. Біз Мемориалдың алауын табиғи газға қостық. Мемориалдың газ жабдықтарына да тұрақты қызмет көрсететін боламыз, — деді Бауыржан Бекзатханұлы.
Алматыдағы ең танымал демалыс саябағындағы Даңқ мемориалы — Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 30 жылдығына орай бой көтерген кешен. Еске алу аллеясында бірнеше мәрте немістердің басым күштерімен шайқаста ерлікпен шайқасқан 28 батыр-панфиловшылардың есімі жазылған обелисктер орнатылған. Бұл жерге әр күні дерлік қала тұрғындары мен қонақтар келіп, Отан үшін от кешкен батырларымызға тағзым етіп, гүл шоғын қояды. Мереке күндері олардың саны ондаған мыңнан артылады. 
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің сөзінше, 1975 жылдан бастап газбен жабдықтау қондырғылары жаңартылған жоқ. Заманауи жабдыққа көшу, алаудың тұрақты әрі үздіксіз жануын қамтамасыз етеді. Ал «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы филиалының директоры Ақылбай Сапаров Мәңгілік алаудың үздіксіз жанып тұруы үшін боран мен жауын-шашынға төзімді қымбат қондырғы орнатылғанын жеткізді. Табиғи газ тарту, жөндеу жұмыстары барысында мамандардың алауды бір минутқа да сөндірмей істегеніне куә болғанымыз бар. Мәңгілік алау сонысымен мәңгілік.
 Алматыдағы ардагерлер ұйымдарының өкілдері, әскери шенділер, генералдар, ауған соғысы ардагерлері және басқалар бұл жолы тағы да Даңқ мемориалына жиналып, Мәңгілік алауға гүл шоғын қойды. «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген аталы сөзді еске алған ақсақалдар батырларын ұлықтаған «QazaqGaz Aimaq» басшылығы мен қала әкімдігі өкілдеріне бата беріп, ризашылықтарын білдірді. 

303 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы