- Шаңырақ
- 08 Тамыз, 2024
Азаматтық алу үшін тіл білу керек
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңға өзгеріс енгізілді. Енді азаматтық алу және қалпына келтіру үшін өтініш берушіде мемлекеттік тілді оқығаны және білетіндігі жайлы сертификат болуға тиіс.
Мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде меңгермеген, еліміздің тарихы мен Конституциясының негіздерін білмеген жағдайда Қазақстан азаматтығы берілмейді. Азаматтық алуға өтініш берушінің білім деңгейін Ғылым және жоғары білім министрлігі анықтайды. Бұндай түзетулер көшіп келгендердің қоғамға тез бейімделуі үшін жасалып отыр. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы қажеттіліктен туындайтынының тағы бір көрінісі осы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заң 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған.
584 рет
көрсетілді0
пікір