• Шаңырақ
  • 12 Қыркүйек, 2024

Ұлт қайраткерлерінің есімдерімен аталды

Қазіргі уақытта Астана қаласында атау берілген құрамдас бөліктердің жалпы саны – 1173, оның ішінде 18-і – даңғыл, 1151-і – көше, 4-еуі – тас жол. Атаулардың 90 пайыздан астамы тарихи жер-су атаулары мен ұлы тұлғалардың құрметіне қойылған.  
Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Ведомство басшысының айтуынша, елордада 60-тан астам білім беру мекемесі белгілі ұлт қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Оның 40-қа жуығы соңғы үш жылда берілді.
«Астана қаласы ономастика жұмысы бойынша еліміз бойынша ең белсенді өңір саналады. Қаланың жай-күйіне үнемі талдау жасап, идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді толықтай түзеттік. Бұзу немесе өзге де себеппен жойылған, сол сияқты кезінде қаланың шеткі аймақтарына берілген ірі тұлғалардың есімдері орталыққа көшірілуде. Бұған Тәттімбет, Мұхаметжан Тынышбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Қорқыт, Күлтегін, Нәзір Төреқұлов, Мәншүк Мәметова көшелерін мысал ретінде айтуға болады. Болашақта Міржақып Дулатұлы, Құрманғазы т.б. бірнеше көшені де өзгерту жоспарда бар», – дейді Сәкен Есіркеп.

194 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы