- Шаңырақ
- 12 Қыркүйек, 2024
Республикалық форум өтті
Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай бүгін Шымкент қаласындағы көп салалы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де тіл жанашырларының бас қосуымен республикалық форум болып өтті.Форумның басты мақсаты — қазақ тілінің тек бір ұлттың емес, бүкіл халықтың ортақ қарым-қатынас құралына айналу қажеттігін жүзеге асыру. Қазақ тілін үйренуге, дамытуға және оны қоғамдағы барлық салада кеңінен қолдануға бағыттау, қоғамдағы ролін арттыру, сондай-ақ, көптілділікті насихаттау болды.
Бұл маңызды шарада Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бас орынбасары Мөлдір Оңдасынова құттықтау сөзімен ашып, тіл жанашырлары мен қоғам белсенділеріне марапат хаттарын табыс етті. Содан кейін «Тіл — қоғамның айнасы» тақырыбында шағын бейнеролик ұсынылып, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Қалыбайқызының баяндамасымен жалғасты.Сондай-ақ «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Құрманжанқызының «Қазақ тілі және жасанды интеллект» тақырыбы аясында дайындаған баяндамасы ұсынылды. Ал қалалық «Талант» жалпы білім беру мектебінің директоры Рахат Арғынбай тіл мәртебесін көтеру жайында келелі ойын айтып, тұжырымды ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында форум қатысушыларына үндеу жарияланып, көрермендердің ой-пікірлері тыңдалды.
200 рет
көрсетілді0
пікір