• Шаңырақ
  • 12 Қыркүйек, 2024

Қазақ тазысы әлемдік деңгейде мойындалды

Халықаралық кинологиялық федерация тазыны ресми түрде Қазақстандық тұқым ретінде мойындады. Комитет (FCI) тазыны қазақ тұқымы ретінде халықаралық деңгейде тіркеуге маңызды қадам жасады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасының сайтында жарияланды.
«Бүгін сіздің еліңіз және біз үшін тарихи күн. FCI стандарттар комиссиясы және FCI Ғылыми комиссиясы ұзақ процедурадан кейін тұқымды қабылдауды Бас комитетке ұсынды. Құттықтаймын! Алда 10 жыл істелетін жұмыс күтіп тұр. Осы уақытта тазылардың денсаулығы бойынша сынақтар өткізіп, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жасалады. Бұл деректер FCI Ғылыми комиссиясына керек. Иттердің денсаулығы мен әл-ауқаты қазір ең маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тұқымның дамуын қадағалайтын болады», — деді FCI президенті Тамаш Яккел. 
Қазақтың ит тұқымдарын сақтап, оларды халықаралық деңгейде мойындату мәселесі 2022 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көтерілген. Өкілетті орган ретінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тағайындалды. Өткен екі жыл ішінде осы бағытта елеулі жұмыс атқарылды: тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді, тазы стандарты бекітілді, ғылыми зерттеулер жасалып, асыл тұқымды иттердің байқаулары мен көрмелер өткізілді. 2023 жылдың тамызында Қазақстан кинологтары одағы Халықаралық кинологиялық федерацияның барлық талаптарын орындап, оның толыққанды мүшелігіне қабылданды. Сөйтіп өзінің ұлттық ит тұқымдарын жариялау құқығына ие болды.
«Біз «Kazakh Tazy» дербес тұқымын таныту үшін Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) барлық талаптарын орындадық. Соның ішінде еліміздің әртүрлі аймақтарында асыл тұқымды иттерді кең ауқымды тексеру жүргізілді. Иттер маңызды генетикалық зерттеулер қамтылған Кешенді медициналық тексеруден өтті, соның арқасында қазақы тазының бірегейлігін айқындайтын бұлтартпас айғақтар ұсындық. Тарихи зерттеулерде 4 мың жылдан астам тарихы бар ит тұқымының шығу тегі мен дамуы толық қамтылып, «қазақы тазы» тұқымының атауы түпкілікті бекітілді. Арнайы монотұқымды иттер көрмесін ұйымдастырып, FCI-дың Стандарттау және ғылым комиссиясының мүшелері тазы тұқымына жататын 100 итті зерттеуіне мүмкіндік туғыздық. Осы еңбектің нәтижелері негізінде бүгін FCI Бас комитетінің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақ тазысы ресми түрде әлемдік деңгейде танылды. Тазы – біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың ажырамас бөлігі, сондықтан біз ұлттық ит тұқымын сақтау әрі насихаттау үшін бар күшімізді салуымыз керек. Бұл күн шежіреде тарихи күн ретінде қалатынына сенімдіміз», — деді Қазақстан Кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали.     
Халықаралық кинологиялық федерация тұқымдарды тек толық құқығы бар ұлтық ұйымдар арқылы тіркей алады. 2023 жылдың тамызында Қазақстан кинологтар одағы Халықаралық кинологиялық федерацияның барлық талаптарын орындады. Кейін ұйымның толыққанды мүшесі атанып, өз ұлттық ит тұқымдарын тіркеу құқығына ие болды. 
«Еліміздің әртүрлі аймағында ауқымды асыл тұқымды көрмелер өткізілді. Иттер жан-жақты медициналық тексеруден өтті, оның ішінде ең маңызды генетикалық зерттеулер де жүргізілді. Зерттеулерден біздің тұқымның бірегейлігін растайтын дәлелдер таптық. Тұқымның 4 мың жылдан астам тарихы мен шығу тегін зерттедік. Кейін «Қазақ тазысы» деп тұқым атауын бекіттік. Біз арнайы көрме ұйымдастырдық, онда FCI мүшелері тазы тұқымының 100 итін зерттеді. Мұқият жұмыстың нәтижесінде тазы әлемдік деңгейде ресми түрде мойындалды. Тазы – біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың ажырамас бөлігі, сондықтан біз ұлттық тұқымды сақтау және насихаттау үшін барлық күш-жігерімізді салуға міндеттіміз. Біз бұл күннің тарихқа енетініне сенімдіміз», — деді Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали. 
Сөйтіп, Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын («Kazakh Tazy») ресми түрде ит тұқымы деп әдепкі (алдын ала) тану туралы шешім қабылдады, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді. Бұл шешім, 2024 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президенті Әкімшілігінің сайтында атап өтілген, тазы тұқымының халықаралық деңгейде қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде толық тану яғни мойындау алдындағы негізгі әрі соңғы кезең.
«Бүгін сіздердің елдеріңіз үшін де, біз үшін де тарихи күн. FCI Стандарттау жөніндегі комиссиясы мен FCI Ғылыми комиссиясы ұзақ рәсімдерден кейін Бас комитетке осы тұқымды тіркеуді ұсынды. Құттықтаймын! Алдағы уақытта сіздерді 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тестілер жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі, бұл деректер FCI Ғылыми комиссиясы үшін қажет. Иттердің денсаулығы мен жай-күйі қазіргі таңда өте маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады», — деді FCI президенті Тамаш Яккель.
Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне Қазақстан Президенті сыйға тартқан есейген тазыны көрсеткен болатын. Димаш үй жануарына «Ғарышкер» деген ат қойды.

610 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы