- Шаңырақ
- 26 Қыркүйек, 2024
«Ата жолы» картасын алды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин «Ата жолы» картасын 57 этникалық қазақ алғанын хабарлады. Олардың көбі Астана мен Алматы қалаларында тұрады. Қандастар арасында сұранысқа ие мамандық алған 31 адам қамтылған. Ал, 26 адам кәсіпкерлікпен айналысады.
«Әлемде инвестициялар үшін бәсекелестіктің күшеюі аясында елдегі бизнес-иммиграцияны одан әрі дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Этникалық қазақтарды «Ата жолы» картасына тарту шаралары қолға алынды. Осы картаны алуға үміткерлердің географиясы кеңейіп келеді. Қазір Ресей Федерациясы, Германия, Қытай сияқты таяу шет елдермен қатар, «Ата жолы» картасын алуға АҚШ, Еуро одақ елдерінің азаматтары – этникалық қазақтар да қызығушылық танытып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, «Ата жолы» картасы өз елдерінде сұранысқа ие кәсібі бар немесе табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда кеңінен қолдануға ниет білдірген этникалық қазақтарға беріледі», деді Е.Абулхатин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
412 рет
көрсетілді0
пікір