• Шаңырақ
  • 13 Наурыз, 2025

Сирек кездесетін фотосуреттер

Алматыда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ әйелдерінің бейнесі сақталған бірегей фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылды. Сирек кездесетін тарихи суреттер Германияның Гамбург этнографиялық музейінен табылып, «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанға жеткізілген. 
Бұған дейін еш жерде жарияланбаған фотошежірелер Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің 5 жылдық ізденісінің нәтижесінде жинақталған. Фотосуреттердегі қыз-келіншектер мен әйелдердің есімдері беймәлім. Фотосуреттердің көпшілігі Семей өңірінде түсірілген. Олардың авторы – Санкт-Петербургтегі этнографиялық музейдің негізін қалаушылардың бірі, орыс этнографы, саяхатшы, фотосуретші Самуил Дудин. 
«Біз анықтай келе Дудиннің суреттерінің түпнұсқасы Германияның Гамбург қаласында екенін білдік. Былтыр олармен жарты жылдай хабарласып, хат жазысып, ол жерден 96 фотоқұжатты алып келдік», – дейді Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің директоры Ілияс Ысқақов.
Көрмеде екі сурет көпшіліктің назарын ерекше аударған. Бірінде кимешек киген апалар, жас келіншектер мен балалардың жымиған сәті бейнеленген. Ал екіншісі күлімдеген келіншектің фотопортреті. Қазақ тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың айтуынша, мұндай суреттер сирек кездеседі.
Жалпы, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві кейінгі бес жыл ішінде мыңға жуық фотосуретпен толыққан. Бұл материалдар Ресей, Армения, Беларусь, Моңғолия, Германия, Польша мен Швейцария елдерінің мұрағаттарынан алынған.

38 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы