• Шаңырақ
  • 13 Наурыз, 2025

Қазақ киносының анасы

Әмина Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылында туған. Кеңес және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды артист.
Алғашқы түскен фильмдері «Комсомольск», «Амангелді», «Алыптың әні», «Ақ раушан». Десе де оны танымал еткен алғашқы үлкен рөл – 1945 жылғы «Абай өлеңдері» фильміндегі Ажардың рөлі. 1964 жылы Анатолий Карповтың «Ана туралы жыр» фильмі экран бетіне шықты. Фильм көпшіліктің көңілінен шығып, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды, ал Әмина Өмірзақова 1964 жылғы Жалпыкеңестік кинофестивальде «Ең жақсы әйел рөлі» сыйлығын, К.Байсейітова атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды.
Ә.Өмірзақова 1968 жылы Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» комедиялық фильмі жарық көрді. Картина бүкіл Кеңес Одағындағы кинотеатрларында көрсетілді. Соның арқасында оны бүкіл ел таныды. «Тақиялы періштеден» соң оншақты фильмдерде түсті. Соның ішіндегі ең ерекшесі — «Мама Роза» картинасы. Ойнаған рөлі үшін «Шоқжұлдыз» кинофестивалінің лауреаты атанды. 1996 жылы ұлының бастама фильмі «Әминада» өз-өзін сомдады.

362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы