- Шаңырақ
- 23 Сәуір, 2025
Гиннесс рекордтар кітабына енуге ниетті

Ақтөбелік Ерболат Қуанышов 13 жыл бойы асықтан коллекция жинаған. Оның шеберханасында 3,4 мыңға жуық асық бар. Ақтөбелік тұрғын осы коллекцияның арқасында Гиннесс рекордтар кітабына енуге ниетті.
Ерболат Қуанышов әуелде бір-екі асықтан бастап жинаған. Саны көбейген соң, қызығушылық пайда болған. Ерболат өзі тұратын үйдің сарайын шеберханаға айналдырып, шағын көрме жасап қойған. Мұнда қойдың асығынан бастап топай асыққа дейін бар. Сондай-ақ түрлі жіліктен жасалған шежіре жинағын, қабырға мен омыртқа, жауырын мен мүйізден жасаған аспалы шамды да көруге болады.
«2017 жылы ЕХРО көрмесіне қатысуға ұсыныс түсті. Ол кезде асық саны аз болды, бұзаулы сиыр мүсінін жасау туралы ойым іске аспады. 10 сәуірде санадым, 3378 асық бар. Адамдар келіп, қызықтап, тамашалайды», — дейді ол.
Ерболат Қуанышов қазіргі уақытта ауқымды жобаны қолға алған. Ол биіктігі 1,5 метр, ұзындығы 2 метр болатын ең үлкен асық мүсінін жасауды бастаған. Коллекционердің арманы – Гиннесс рекордын ену. Қазір құжат жинауға кіріскен.

28 рет
көрсетілді0
пікір