• Шаңырақ
  • 23 Сәуір, 2025

Алдын алса, шешілмейтін мәселе жоқ

Білім саласы бойынша мойын бұрып, зейін салатын өзекті мәселелер бар. Соның бірі – мектептегі әлімжеттік, зорлық-зомбылық. Бұл жағдай мұғалімдер мен ата-аналарды алаңдатып тұр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Оның басты мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейтуге, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысының бұл шешімін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, балалар мен әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарға қарсы күресті күшейтуге бағытталған ұстаным деп ұғуымыз керек. Айталық әлімжеттік, зорлық-зомбылық, қолданыстағы тілмен «буллинг» білім беру ұйымдарында, мектептерде, колледждерде, университеттерде әртүрлі формада кездеседі. Ол, әдетте, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынастарда, оқушылардың өзара әрекетінде байқалады. Зорлық-зомбылықтың білім беру ұйымдарында таралуы қоғамдағы әлеуметтік және моральдық мәселелерді күрделендіреді. Бұл құбылыс оқушылардың психологиялық және физикалық денсаулығына теріс әсер ететіндіктен, оның алдын алу – тек білім беру ұйымдарының ғана емес, сонымен қатар қоғамның да жауапкершілігі. Мәселені шешіп, ретке келтіруді көздеген іс-шаралар да жүріп жатыр. Мәселен, 2025 жылдың 31 наурызы – 11 сәуір аралығында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының аға оқытушысы Дина Нургалиева Еңбекшіқазақ ауданы, Ават ауылы, Омар Мухаммадий атындағы орта мектеп базасында Алматы облысының әр аудандарынан жиналған 27 педагогты, оның ішінде педагог-психологтар, сынып жетекшілері, әлуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушылар бар, «Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында біліктілік арттыру курсын өткізді.
Зорлық-зомбылықты алдын алу тек білім беру жүйесінің ғана емес, бүкіл қоғам болып күресетін міндетке айналып отыр. Білім беру мекемелері қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру үшін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерімен күресуі керек. Тек осылай ғана біз болашақ ұрпақтың толыққанды және қауіпсіз даму жолында маңызды қадам жасай аламыз. Бұл бағытта мектептерде достық қарым-қатынасты насихаттайтын мәдениет қалыптастыру маңызды. Мұғалімдер мен ата-аналар балаларға үлгі болып, олара қиын жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйретуге тиіс.
Аталған курс бағдарламасы зорлық-зомбылыққа қатысты нормативтік құқықтық құжаттарды қамтып, буллингтің түрлері және оның алдын алу іс-шараларының алгоритмін құра отырып, оны іс жүзінде қолданудың жолдарын көрсетеді. Мамандар бірігіп, осы мәселеге бірлесе кіріссе, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы жарқын болмақ. 
Осы орайда «Өркен» институтының әкімшілігіне, оқытушы құрамына тиімді бағдарлама үшін алғысымыз шексіз.

Гульбанум РАЗИЕВА, 
№19 мектеп-гимназияның 
бастауыш сынып мұғалімі

Алматы облысы,
Талғар ауданы

37 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы