- Шаңырақ
- 23 Сәуір, 2025
Абай атындағы саябақ ашылды

Арменияда өтіп жатқан Қазақстанның мәдени күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының ресми делегациясын бастап барған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, Ереван қаласы мэрінің бірінші орынбасары Армен Памбухчян, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев, сондай-ақ қос елдің зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар мен армян астанасының қонақтары қатысты.
Салтанатты іс-шара аясында Қазақстан мен Армения министрлері екі ел арасындағы мәдени байланыстардың тамыры тереңдеп, болашақта одан әрі нығая түсетінінің нышаны ретінде саябаққа ағаш отырғызды.
Мерекелік іс-шара соңы Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» шығармасын орындаған Қазақстанның домбырашылар ансамблі мен Аван Мәдениет үйінің жас өнерпаздарының концертімен жалғасты. Сонымен қатар қонақтар қазақ халқының ұлттық мәдениетімен, заманауи әдебиетімен және дәстүрлі тағамдарымен танысты.

38 рет
көрсетілді0
пікір