• Әхбаратлар еқими
  • 18 Қыркүйек, 2025

Бақытын еңбектен тапқан жан

Еңбек – адам бойындағы ең жақсы қасиет. Себебі, еңбек – жалқаулық сөзіне антоним. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, бір нанды жеу үшін де еңбек ету, адал табыс табу керек. «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» деп бекер айтпаған.
Еңбекпен тер төгіп жасаған әрбір әрекетің, затың бағаланбай қоймайды. Ал жалқаудың әрекеті – ұйықтау. Ұзақ ұйықтау арқылы жалқау адамдар ештеңеге үлгермейді, күні бойы шаршаумен өтеді. Еңбекшіл адамда ұйқы тұрмақ шаршау да жоқ болады, олар көп қимылдап бос уақытты бекер өткізбейді. Еңбек еткен адам жаман жолда болмайды. Мемлекет Президенті Қ.Тоқаев кешегі Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады», – деген еді. 
Еліне сыйлы, халқына қалаулы азаматтар біздің ауданда да бар. Солардың бірі – Алимжан Ашимов. Алимжан маған кезінен таныс. Анасы Бахтихан hәдәні Ұйғыр ауданы білім бөлімінде штаттан тыс инспектор, әдіскер болып қызмет еткен кезімнен білемін. Ол еден жуып, адал еңбек еткен адам. Тандыр жасаудың шебері еді. Алимжанға кейде қалжыңдап «бизнесті сенің анаң бастап берген, алғаш тандыр жасаудан бастаған» деп қоямын. Анасы бала-шағаны асырау үшін тынбай еңбек етті. Әкесі Тохти – жүргізуші боп істеген. Өте еңбекқор адам, адал еңбек иесі. Анасы мен әкесі Меккеге барып, қажы атанып келген. Өле өлгенше Алладан елдің тыныштығын, халық пен өз балаларының бақытты болуын тілеген жандар. Алимжанның еңбекқор боп өсуі осы екі адамның үлгілі еңбегінің арқасы.
Алимжан Тохтиұлы орта мектепті бітірген соң отан алдындағы борышын өтеп келді де, спорт мектебінде күрестен жаттықтырушы боп істеді. Қазақ спорт және туризм академиясын бітірді. 2005 жылдан бастап «Ашимов А.Т.» шаруа қожалығын ашып, темірден халыққа керекті бұйымдарды шығарып келеді. Қазіргі таңда 25 адам жұмыс істейді. «Алик – металлист» деп бекер халық атап жүрген жоқ. Бүгінгі күнде ол «Атилла – Аль –Фараби ЖШ» мен «Ашимов А.Т.» жеке кәсіпкерлігін басқарады. Алимжан – сондай-ақ өрік өндіру шебері. Алынған өнім Ресей, Өзбекстан мемлекеттеріне жеткізіледі. Өрікті жинау кезінде аудан тұрғындары оны жинауға атсалысып, өз нәпақасын таба алады. Мейірімді жан аудандағы орталық мешіттің қасынан медресе ашқаннан кейін ол жерден талай жастар имандылыққа бет бұрып отыр. Мешіт жанынан қатымхана салып, аудан халқы игілігіне пайдаланып келеді.
Алимжан Ашимов 2025 жылы наурызда пластик жәшік өндіретін цех ашты. Ол жерде де адамдарды жұмыспен қамтамасыз еткен. Ел-жұрт оған дән риза. Бұрын осындай пластик жәшіктерді біз шетелдерден – Ресей, Қытай, Қырғызстаннан сатып алып жүрген едік. Жиын-терін кезінде жәшіктер өзіміздің жерден табылады.
Ел мақтаған, жұрт жақтаған Алимжанның марапаттары жетерлік. Ер азамат үшін өмірлік сыңарын тауып үйлену – өмірдің жаңа сатысы. Жары Мухаббат екеуі – ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты ата-ана. Ұлдары әке тәрбиесін, қыздары ана тәрбиесін алған. Алимжанның аудан халқына жасаған қайырымды ісі бір төбе. Оны ешуақытта жалпы елге жария етпейді. Жақында әлем чемпионы Рамиль Маликжанұлын құрметтеу рәсімінде ағалы-інілі Фархат пен Алимжанның еңбегі зор болды. Халық қалаулысы ретінде талай істің басын қайырды. Айтқан сөзінде тұратын ер азаматтарды жақсы көремін, сыйлаймын. Үлкенді – аға, кішіні інім деп, ел құрметіне бөленуде. Кез келген уақытта қарапайым. Анасы мен әкесінің тәрбиесінің ұлы қасиеттерін алған Алимжан укам – өте мықты азамат. Мемлекет басшысы биыллғы жолдауын: «Баршаңызға амандық, табыс тілеймін. Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!» деген сөздермен тәмамдады. Оған қосымша: «Тәуелсіз еліміз мәңгі жасау үшін Алимжан сияқты атымтай жомарт жігіттер көп болсын, еліміз тыныш, халқымыз бақытты ғұмыр кешсін!» деген аналық ақ тілегімді білдіргім келеді.

 Рая САРТОЛОВА,
 Ұйғыр ауданының 
Құрметті азаматы.

Алматы облысы

130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы