• Әхбаратлар еқими
  • 18 Қыркүйек, 2025

Шағын футбол алаңдарын салады

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан алғашқылардың бірі болып халықаралық FIFA Arena жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойған.
Бұл бастама балалар мен жасөспірімдер футболы дамытсын және мектеп оқушыларына заманауи спорт инфрақұрылымы теңдей  қолжетімді болсын деген оймен жүзеге асырлыды.
«Жоба аясында еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің аумағында 100 шағын футбол алаңы салынады. Бұл – жобаға қатысушы елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Алғашқы алаңдар биыл Хромтау мен Көкшетау қалаларында пайдалануға беріледі. Бағдарламаны толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған», – деп жазылған хабарламада.
Әр алаң FIFA стандартына сәйкес салынады. Әмбебап құрылым алаңдарды мектеп аулалары мен спорт аймақтарына ыңғайлап салуға мүмкіндік береді.
Жоба ең алдымен шағын қалалар мен ауыл мектептерін қамтиды. Қаржыландыруды FIFA қамтамасыз етсе, туризм және спорт министрлігі, оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар  осы жұмыстарды ұйымдастырды.
Кейінгі жылдары елімізде FIFA және УЕФА-ның қолдауымен Талғарда ұлттық құрамаларға арналған оқу-жаттығу базасы, Астанадағы Футбол үйі мен манеж, Шымкенттегі жеке «БИІК» базасы және Қостанайдағы «Тобол» клубына арналған толыққанды манеж салынды.

53 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы