• Әхбаратлар еқими
  • 18 Қыркүйек, 2025

23 медаль жеңіп алды

Қазақстан студенттері III Түркі универсиадасында 23 медаль иеленді деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі. Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысқан болатын. 
Шараның ашылу рәсіміне Қазақстаннан ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Satbayev University-дің ғылым және корпоративті даму жөніндегі проректоры Ержан Құлдиев, Қазақстан студенттік спорты одағының вице-президенті Мұхтар Есқалиев, Қазақстан ұлттық студенттік спорт одағының бас хатшысы Жаснұр Ақеділов қатысты. Сонымен қатар ұлттық делегация құрамында Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғауға дайын спортшылар мен жаттықтырушылар болды.
Универсиадада Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан спортшылары жарысқа түсті. Ол волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтті.
III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.
Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркияда өтеді.
 

64 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы