- Әхбаратлар еқими
- 18 Қыркүйек, 2025
Қазақ композиторына құрмет
Мәскеудегі «Геликон-опера» музыкалық театрында Алматы облысының әкімдігі мен Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ұйымдастыруымен көрнекті қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса» шығармашылық кеші өтті.
Шараға қатысқан өнер иесінің қызы Дінзухра Тілендиева биылғы мерейтой ға орай Мәскеуде өнер көрсету ол үшін үлкен мәртебе екенін айтты.
«Мәскеу әкем үшін бөтен қала емес, ол мұнда консерваторияда әйгілі ұстаз Николай Аносовтан дирижерлік шеберлікті оқыған, Үлкен театрда тәжірибеден өткен. Сондықтан біз концертке аса жауаптылықпен дайындалдық, репертуарды мұқият таңдадық. Мен өз тегімді мақтан тұтамын, үлкен жауапкершілікті сезінемін», – деді ол.
Концерт керемет қошеметпен өтті. Көрермендер өнерпаздарды ұзақ уақыт сахнадан жібергісі келмеді. Баршаға түсінікті ортақ музыка тіліндегі керемет концерттік қойылым мәскеуліктерді бай қазақ мәдениетімен таныстырып, олардың жүрегінде ұмытылмас эмоция қалдырды.
Нұрғиса Тілендиевтің жүз жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде өтіп жатыр – мерейтой ЮНЕСКО-ның Атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген. Биыл бүкіл әлемде композитордың шығармашылығына арналған халықаралық іс-шаралар өткізіледі. Мәскеудегі концерт осы мәдени эстафетаның жалғасы болмақ.
51 рет
көрсетілді0
пікір