• Әхбаратлар еқими
  • 25 Қыркүйек, 2025

«Мен жүзуді білемін»

Қыркүйек айының 7 жұлдызында Панфилов ауданы үшін айтулы оқиға орын алды. Ауданымызда жаңа ашылған «САМАТ» жүзу орталығында 4 пен 16 жас аралығындағы балалар арасында «Мен жүзуді білемін» атты жүзуден жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақ арасында саламатты өмір салтын насихаттап, жүзу спортына қызығушылықты арттыру, балалардың спорттық қабілеттерін шыңдау және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашу болды.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан басшылығы мен құрметті қонақтар қатысты. Олардың қатарында аудан әкімінің орынбасары Қанат Досмайлов, ауданымыздың Құрметті азаматы Абай Жорхабеков, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР білім беру ісінің үздігі, ауданның Құрметті азаматы Құдайберген Ағымов, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Толқын Көшербаева, сондай-ақ Спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясі Панфилов аудандық филиалының жетекшісі Алмас Нұрғали болды.
Сонымен қатар, жарысқа төрелік ету үшін Ақтөбе қаласынан арнайы келген, жүзуден КСРО спорт шебері, жеңіл атлетикадан спорт шеберлігіне кандидат, су добынан шеберлер командасының ойыншысы Александр Борматов шақырылып, бәсекеге әділ төрелік жасады.
Жарыстың шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Қанат Нұркешұлы ашып, жас спортшыларға сәттілік тілеп, спорттың адам өміріндегі маңызы мен денсаулықты нығайтудағы орны туралы құнды пікірлерімен бөлісті.
Сайыс барысында жас өрендер өздерінің жүзудегі шеберліктерін паш етіп, қызықты әрі тартысты бәсекеге түсті. Әрбір қатысушы өз мүмкіндігін барынша көрсетіп, жүзу техникасын жетілдіруге тырысты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар арнайы медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара соңында ұйымдас­тырушылар жарыстың балалардың денсаулығын нығайтуға, спортқа деген қызығушылығын арттыруға, ауданымызда бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосқанын ерекше атап өтті.
Бұл жүзу жарысы – аудан спорт тарихындағы жаңа белес. Ол жас жеткіншектерге өз күшіне сенім беріп қана қоймай, болашақта еліміздің спорттық жетістіктеріне үлес қосатын жас чемпиондардың шығуына негіз болары сөзсіз.

Қуаныш АБАЙ, 
«САМАТ» жүзу орталығының директоры
Алматы облысы,
Панфилов ауданы

232 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы