• Әхбаратлар еқими
  • 02 Қазан, 2025

Алға «Қайрат», тек алға!

Бар күшіңді сал, «Қайрат»,
Шабуылдан сен қайтпа.
«Реал» менен күшті деп,
Ешқашан да сен айтпа.

Жанкүйер бар мыңдаған,
Саған қуат беретін.
Жеңісіңе еліңде,
Шын көңілден сенетін.

Кездескенің «Реалмен»,
Өзі де үлкен ерлік,
Ойнасаң да тепе-тең,
Соның өзі жетерлік.

Бүгінгі күн, ойынды,
Әруақтар қолдасын.
Қолдап сені бүкіл ел,
Сәлемдерін жолдасын.

Қолдап жазды шұмағын,
Ұйғыр бауыр алыстан.
Тартынбаған «Реалдан»,
Біздің «Қайрат» – Арыстан!!!

                     Һасил АБДРИМОВ

231 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы