• Шаңырақ
  • 02 Мамыр, 2024

Қарты бар үйдің қазынасы бар

Мән қазақ тилиниң вақит өтүп, этносара мунасивәт тилиға айлинидиғанлиғиға ишинимән. Биз пәйдин-пәй шуниңға келиватимиз. Мәмликәт дөләт тилини өз алдиға йетүк үгинип, тәшвиқ қиливатқанларни рәғбәтләндүриду. Бүгүн шундақ инсанларни мукапатлаймиз. Бу пайдилиқ һәм сәясий турғудин әһмийәтлик, дәп һесаплаймән. 

Қазақстан Җумһурийитиниң Президенти Қасым-Жомарт Тоқаевниң  ҚХАниң ХХХІІІ сессиясидә 
сөзлигән нутқидин

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері аға буынға деген қамқорлық мемлекеттік саясаттың негізгі бағытына айналды. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, қазақ халқы ежелден қариясын қазына деп бағалаған киелі ел. Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің толайым табыстарға қол жеткізіп, гүлденген шағына жетуіне еліміздегі екінші дүние жүзілік соғысы ардагерлері мен зейнеткерлерінің сіңірген еңбектері ұшан теңіз. Біз әр уақытта қарттарымызға қолдау көрсету мақсатында бар күш-жігерімізді саламыз. Осы бағытта қаламызда жүзеге асырылып жатқан бірқатар жұмыстарды айтуға болады.
Партияның сайлауалды бағдарламасында ардагерлердің, егде жастағы жандардың өмір сүру сапасын арттыруға, жәрдемдесуге арналған жыл сайын әлеуметтік және медициналық көмек пен қолдау көрсетілетін, сондай-ақ, қоғам өміріне тартылуын қамтамасыз ету бойынша «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік жобасы әзірленіп, іске асуда. 
Одан бөлек партиямыздың «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қаламызда қарттарымызға ерекше құрмет пен ілтипат танытылып келеді. 
Жобаның мақсаты – қарт адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және сапасын жақсартуға, қоғамда соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, аға буын өкілдеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту.
Биыл қаңтар айында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Медеу аудандық ардагерлер кеңесімен осы партиялық жобаны іске асырудың 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоба аясында ардагерлерді Жеңіс күнімен, Қарттар күнімен құттықтау, азық-түлік себеттерін тапсыру ұйымдастырылып келеді. Кешенді медициналық тексерулер жүргізу үшін дәрігер мамандармен бірге егде жастағы қарттардың үйіне бару арқылы Ашық есік күндері өткізіледі. Сонымен бірге, жалғызбасты қарттардың аулалары мен пәтерлерін тазалауға көмектесу, өмір сүру жағдайларын бақылау шаралары өтеді.
Соғыс ардагерлерін, зейнеткерлерді қаланың белсенді зияткерлік, шығармашылық және қоғамдық өміріне тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Айта кетсем, бүгінгі таңда Алматыда әр ауданда белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді. 
2024 жылғы 21 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ бастамасымен «Күміс университет» инновациялық бағдарламасы іске қосылды. Бұл бастама егде жастағы адамдар арасында оқытуды ынталандыратын және оларға жаңа мамандықтарды игеруге мүмкіндік беретін жаһандық тенденцияның бөлігі болып саналады. «Күміс университет» оқыту бағдарламасы тілдерді, компьютерлік сауаттылықты, кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарын қамтиды. 
Сонымен, 2024 жылдың 29 наурызында Медеу аудандық ардагерлер кеңесі мен «Аманат» партиясы аудандық филиалының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында Ұлттық сараптама орталығының бастауыш партия ұйымында дөңгелек үстел өткізілді. 
Алдағы Жеңістің 79 жылдығына орай жоспарланған бірқатар бірлескен іс-шаралар жүзеге аса бастады.

Азат АЖИМАНОВ,
Amanat партиясының Медеу аудандық филиалының төрағасы,

Алматы қаласы

677 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы