- Шаңырақ
- 28 Наурыз, 2024
Қайырымдылық шаралары
Қасиетті ораза айының басталуымен әр мұсылман қауым сауапты, ізгі-ниетті істерді жасауға тырысады. Себебі, оразада істеген жақсылық пен қайырымдылықтың сауабы мол.
Жылдағы дәстүр бойынша Панфилов аудандық Ұйғыр этномәдениет орталығында Махинур Аюпова бастаған әйелдер кеңесі қайырымдылық шара өткізді. Ханым-қыздар Жаркент қаласында тұратын 100 отбасына ауызашар ұйымдастырды. Шебер аспаз Рахилям Мусаева дайындаған дәмді палау әр тұрғынның үйіне жеткізіліп, ауызашар құрмасы таратылды. Осындай игі істің басы-қасында болған Хатям Қадирова, Мухаббат Имярова және кеңестің барша мүшелеріне жаркенттіктер ризашылдық білдіріп, қарттар бата берді.
Ораза айына тұспа-тұс келген Ұлыстың ұлы күні – Наурызнамада тұрғындар бір-біріне деген жылы лебіздерін айтып, рухани жағынан тазарып, табыс пен сәттіліктер тіледі. Өңірде қайырымдылық шаралары әлі де жалғасады.
Бәхитжан РАЗИЕВ.
Панфилов ауданы
436 рет
көрсетілді0
пікір