• Шаңырақ
  • 25 Сәуір, 2024

Құтты қоныс, жылы ұя болған еліме ықыласым шексіз

Біздің Қазақстан 130-дан астам этносты бір құшағына сыйғызып, бейбіт аспанның, бір тудың астына біріктіріп, жайлы өмір сыйлап отыр. Қаншама ұлт өкілі өмір сүріп жатса да, елімізде тыныштық, татулық, достық салтанат құрып тұрғанын мақтанышпен айта алатынымыздың өзі үлкен мәртебе.

Бүгінде қай этнос болсын, бәрі де елімізде қалаған жұмысымен айналысып, өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, өркендете алады. Құшағы ыстық, пейілі кең қазақ елі ешкімді кеудесінен итермек емес. Себебі, бұл біздің бабамыздың қанымен келе жатқан ірі қасиет. Сондықтан бізді мекен етіп жатқан басқа этнос өкілдерінің өсіп, өніп, көктеп отырған жеріне алғыс білдіруі орынды.
Қазақ жеріне әрдайым ыстық ықыласын білдіруден тартынбайтын жаны ізгі жандардың қатарында алматылық отандасымыз, «Барбанг» күрдтер республикалық қауымдастығының басқарма мүшесі, «Князь Ибрагимович Мирзоев қорының» төрағасы, «Нубар» әдеби-көркем журналының редакциялық алқа мүшесі, кәсіпкер, қоғам қайраткері Рафик Якуб оглы Мирзоев та бар. Ол бірнеше тілді меңгерген, соның ішінде қазақ тіліне де жетік. 
Сондай-ақ, ол көпмәдениетті, көпэтносты мемлекетіміздегі конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту жолында үнемі азаматтық ұстанымын білдіріп, мегаполисте өтетін мәдени-рухани кештердің, қайырымдылық іс-шаралардың белортасынан табылып жүреді.
– Мен ең алдымен Құдайыма шүкіршілік айтамын. Мен бақыттымын! Қазақстан халқының, қазақ ағайындардың ортасында өмір сүріп, осы елден өз орнымды тапқаныма ризамын. Маған ғана емес, талай этносқа құтты қоныс, жылы ұя болып отыр. Бәріміз бейбіт таңмен таласа тұрып, өз тірлігімізбен алаңсыз айналысып, кешке шаңырағымызға аман-есен оралудың өзі бір бақыт. Ал ешкіммен араздаспай, жайлы, толыққанды өмір сүру – мың бақыт. Осынау тыныш өмір арқылы Қазақстан өсу, өркендеу жолынан таймақ емес. Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалаймыз дегім келеді, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Рафик Мирзоев.

Нұржамал ӘЛІШЕВА,
журналист

21 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы