• Шаңырақ
  • 25 Сәуір, 2024

Ирина ТАРКОВА: «Қазақстанның табыстары – өзара түсіністік пен достықтың жемісі»

Бүгін елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты отыз үшінші сессиясы өтуде. Әрине, әрқашанғыдай осы жолы да Қазақстан халқының бірлігі, рухани-мәдени саланың өзекті мәселелері, конфессияаралық татулық, мемлекеттік тілді кеңінен енгізуге байланысты сұрақтар бірінші кезекке қойылды.

Бәріміз білеміз, биыл ҚР Президенті жанынан құрылған «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесіне 10 жыл болады. Барлық облыстарда облыс әкімдіктеріне қарасты Достық үйлерінің базаларында Қазақстан халқы Ассамблеясының миссиясын жергілікті деңгейде қамтамасыз ететін, яғни қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттайтын және осы бағытта этномәдени бірлестіктердің жұмысына жәрдемдесетін өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ жұмыс істейді.
Этномәдени орталықтар міндеті – ұлтаралық татулықты қолдау, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тілдерін сақтау, қазақ тілін, қазақ мәдениеті мен тарихын зерттеу және насихаттау. Еңбекшіқазақ ауданында Алматы облысы әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-мен тығыз байланыста жұмыс істейтін және мемлекеттік ұлттық саясаттың өңірлік насихаттаушылары болып табылатын сегіз этномәдени орталық бар.
– «Әртүрліліктегі бірлік» – Қазақстандағы этносаралық қатынастарды құрудың басты қағидасы. Қазақ, орыс, ұйғыр, әзербайжан, корей, татар, күрд, чешендер қатар тұрып жатқан біздің Бәйтерек ауылы да бұл ережеден шет қалмайды. Ел егемендік алған жылдары қайта жаңғырған дәстүрлі ұлттық мерекелерін ауылдағы әрбір этнос өкілдері өзге ұлт өкілдерін шақырумен атап өтуде.
Өткен онжылдықтар Қазақстанда этностық қауымдастықтар өздерінің болмысын, тілін, дәстүрін, тарихи жадын сақтап қалғанына көзімізді жеткізді. Мемлекет құрушы қазақ халқының төңірегіне топтасқан барлық этнос өкілдерінің мәдени және әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, ана тілін үйренуіне, мемлекет құрылысына жан-жақты қатысуына, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге азаматтық құқықтары мен мүмкіндіктері тең. Мен туған ауылымда 50 жыл тұрып келемін. Осы күнге дейін ешкім ешкімді ұлтына, тіліне қарай кемсіткен емес.
Оның үстіне орыс тілі мемлекеттік қазақ тілімен қатар мемлекеттік органдардың халықпен жұмысында да, ұлтаралық қатынас саласында да және ресми түрде де қолданылады. Көпұлтты елімізде жаһандық сын-қатерлер мен шиеленістерге толы қазіргі кезеңде бір-бірімізге деген бауырмалдық қарым-қатынасты барынша дамыту, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін нығайту, рухани, мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау қажет.
Бәйтерек ауылындағы әл-Фараби атындағы мектеп базасында Алматы облыстық орыс орталығының филиалы жұмыс істейді. Оның белсенді мүшелері – мектеп мұғалімдері мен оқушылары. Тұрақты түрде өткізілетін халық шығармашылығы, Қазақстан халықтарының тілдері фестивальдері, Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күндері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күндері, рухани-мәдени іс-шараларға барлық ұлттың балалары тартылады. 
Мектепте ХХ ғасырдың басындағы орыс қоныстанушылардың шынайы тұрмыстық бұйымдары бар орыс мәдениетінің бұрышы ашылған, «Рябинушка» вокалдық тобы жұмыс істейді. Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде және барлық ұлт өкілдерімен толеранттылықты қалыптастыруда әдет-ғұрып және әлеуметтік-этикалық нормалар жетекші факторлар болып табылады. Аудан әкімдігі, Бәйтерек ауыл округі әкімдігі, аудандық ішкі саясат бөлімі және әл-Фараби атындағы мектеп дирекциясы жұмысымызға жан-жақты қолдау көрсетуде.
Тәуелсіз Қазақстанның табыстары мен жетістіктері, ең алдымен, ұлты мен діни сеніміне қарамастан барша қазақстандықтардың өзара түсіністігі мен достығының жемісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтардың беделі тұрақты этносаралық және конфессияаралық қатынастарды қолдауда елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасы ҚХА-ның биылғы сессиясында қабылданған шешімдерден этномәдени орталықтар мен бірлестіктердің қызметіне мемлекет тарапынан бұдан да үлкен қолдау күтеміз.

Ирина ТАРКОВА, 
«Алматы облыстық орыс орталығы» ҚБ 
Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрайымы

Еңбекшіқазақ ауданы,
Алматы облысы
 

22 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы