• Шаңырақ
  • 20 Наурыз, 2024

«Бәйтеректегі» береке

Наурызнама онкүндігінің 17 наурызға белгілеген Шаңырақ күні еліміздің түкпір-түкпірінде есте қаларлық атап өтілуде. Бұл күні қалалар мен ауыл-аймақтарда отбасы құндылықтарын дәріптеуге, үлгілі отбасыларға, адамгершілік тәрбие мәселелеріне арналып өткізілген мәдени іс-шаралар көпке дейін ел жадында қалады. 
Бас қаламыздағы «Бәйтерек» монументінің панорамалық залында жас жұбайларды некелерімен және ерлі-зайыптыларды алтын тойларымен құттықтау рәсімі өтетіндігі туралы алдын-ала хабарланған болатын.
Аталған іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Есіл» ауданы әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалымен бірлесіп өткізді.
Жас жұбайларға Неке куәліктері табыс етіліп, шаңырақтары шайқалмай, 50 жылдық тойын тойлаған ерлі-зайыптылар мерейтойлар кітабына енгізіледі. Мерекелік іс-шараға 7 жұп қатысатыны туралы хабарлады ұйымдастырушылар.

444 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы