• Шаңырақ
  • 28 Наурыз, 2024

Қайырымдылық шаралары

Қасиетті ораза айының басталуымен әр мұсылман қауым сауапты, ізгі-ниетті істерді жасауға тырысады. Себебі, оразада істеген жақсылық пен қайырымдылықтың сауабы мол. 
Жылдағы дәстүр бойынша Панфилов аудандық Ұйғыр этномәдениет орталығында Махинур Аюпова бастаған әйелдер кеңесі қайырымдылық шара өткізді. Ханым-қыздар Жаркент қаласында тұратын 100 отбасына ауызашар ұйымдастырды. Шебер аспаз Рахилям Мусаева дайындаған дәмді палау әр тұрғынның үйіне жеткізіліп,  ауызашар құрмасы таратылды.  Осындай игі істің басы-қасында болған Хатям Қадирова, Мухаббат Имярова және кеңестің барша мүшелеріне жаркенттіктер ризашылдық білдіріп, қарттар бата берді. 
Ораза айына тұспа-тұс келген Ұлыстың ұлы күні – Наурызнамада тұрғындар бір-біріне деген жылы лебіздерін айтып, рухани жағынан тазарып, табыс пен сәттіліктер тіледі. Өңірде қайырымдылық шаралары әлі де жалғасады.
Бәхитжан РАЗИЕВ.

Панфилов ауданы

437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы