• Шаңырақ
  • 28 Наурыз, 2024

Заң алдында бәрі тең

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығының арқасында Ұлттық құрылтайдың үшінші мәжілісі өтіп, еліміз үшін бірталай өзекті мәселелер қозғалды. Президенттің «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты баяндамасында көкейді кернеп, шешуін таппай жүрген бірталай шаруалар туралы сөз болды. Ежелден әлеуметтік маңызы бар мәселелер Құрылтайда шешіліп, мемлекеттік мақсаттар қойылғанын ескере отырып, ел Президенті еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізетін мәселелерді ашық айтты. Солардың ішінде «Заң алдында бәрі тең» екеніне ерекше тоқталды. Заңға бағыну – бұл біз үшін мызғымас қағида. Мемлекет еш уақытта жолсыздық пен бейберекеттікке жол бермейтінін әрбір азамат жақсы түсінуі керек. Заңды әркім, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желілерде де қатаң сақтауы керек. Кез келген заңға қайшы, деструктивті әрекеттер мен қасақана арандатушылықтар бір-бірімен тоғысады. Сондықтан осындай мәселелердің алдын алып, тәуелсіз еліміздің дамуына, бірлігіне теріс ықпал жасайтын әрекеттердің алдын алу қажет. Мемлекетіміздің соңғы 30 жылында экономика, одан кейін идеология алдыңғы орынға шығарылса, бүгінде идеологияның маңыздылығы бәрінен де жоғары тұрғанына куә болып отырмыз. «Тәуелсіздік, Отансүйгіштік, Бірлік, Ынтымақ, Әділеттілік пен Жауапкершілік, Құқық пен Тәртіп, Қажырлы еңбек пен Кәсібилік, Жасампаздық пен Жаңашылдық» негізгі идеологиялық бағдарларға айналуда. Мемлекет басшысы барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға өз міндеттері бойынша айтылған мәселелерді қайта қарауды және осы тұғырнамаға сәйкес нәтижелі жұмыс атқару керектігін ескертті. Білім министрлігіне мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін жаңарту, патриоттық іс-шараларға көңіл бөлу тапсырылды. Дәл осындай жұмыс еліміздің Қарулы Күштерінде, әсіресе әскери қызмет кезінде жүргізілуге тиіс. 
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының сөйлеген сөзінен жас ұрпаққа лайықты білім беру, ғылымды дамыту, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін көтеріп, қоғамға сіңіру сияқты негізгі үш бағытқа көңіл бөлу қажет.
 Бахтияр КАМАЛОВ,
 Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы 
 Алматы қаласы

438 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы