• Шаңырақ
  • 28 Наурыз, 2024

Анталияда Наурыз

Қазақстан іскер адамдар қауымдастығы мен Бас консулдық бірлесіп Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай басқосу ұйымдастырды. 
Бұл мәдени шара қасиетті ораза айына тұспа-тұс келгендіктен, ол жерде тұратын қазақстандықтар, білім алып жүрген студенттер, мәдени бірлестіктердің өкілдері және түрік азаматтары ауызашарға жиналды. 
Іс-шараны ҚР Анталиядағы Бас консулы Қуат Канафеев ашып, баршаны ораза айы және наурыз мерекесімен құттықтады. Жүз отыздай адам жиналған ауызашарға ұлттық киім киіп келегендердің де болғаны қуантады. Дастахан басындағы кездесу дәстүрлі достық және шырайлы аурада өтті.
Шет жұрттағы отандастар көңілді сұхбаттасып, арқа-жарқа болды. Кеш соңында қазақтың халық әндерін шырқап, бата беріліп тарқады.
Мәншүк ЖӘЛЕЛ.

Түркия Республикасы,
Анталия қаласы

445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы