• Шаңырақ
  • 18 Сәуір, 2024

Қарттардың да өлеңге бар таласы

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жақсы жыр жазсам, 
                             халқым, елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

 М.МАҚАТАЕВ.

Аудандық кітапханада «Қарттардың өнерге бар таласы» деген тақырыпта әдеби кеш өтті. Кешке қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың поэзиясын жақсы көретін, жатқа білетін ардагерлер жиналды. Алғашқы сөз кезегін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Нұрсейітов Мұқағали ақынның кешіне келген ардагерлерге бүгінгі кештің мақсатын айтты. Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Әбзелқан Малдыбекова ақынның шығармашылығына, өткен өмірі, бүгінгі кештің ақын рухына арналғанын тілге тиек етті.
Бұдан соң Мұқағали ақынның туысы Серік Қапаров ақын әкесі туралы кеңінен айтып өтті. Бірнеше өлеңдерін жатқа оқып, әр өлеңіне шолу жасады. Туысы, ақын туралы өте құнды естеліктер айтты.
Қарасаздың тумасы, ақынды шын танитын, өлеңдерін үнемі жұртқа паш етіп жүрген Дардамты ауылынан келген Бағила Әкімбаева домбыраны шертіп отырып ақынның «Бәрінен де шаршадым» деген әнін орындап берді.
Мұқағали ақынның анасын көрген зейнеткер ұстаз Мамытқан Құдайбергенов мектепте мұғалім боп жүргенде оның анасымен кездесуді қалай өткізгенін жүйе-жүйесімен айтып берді, ардагерлер сүйсіне тыңдады. Мамытқан аға ақынның бірнеше өлеңін жатқа оқыды. Ақынның әрбір өлеңі бүгінгі ұрпаққа керек екенін айтты. Сүмбе ауылынан келген Рысбек Елнұр «Қарасаздың шыбығын жел тербеген» әнін жанды дауыста орындады. Бұл әнде ақынның туған жерге, елге деген сағынышы көрінді. Ардагерлер ұйып тыңдады. 
Келесі сөзді аудандық ардагер әжелер кеңесінің төрайымы, зейнеткер ұстаз, ҚР Білім беру ісінің озаты, ауданның құрметті азаматы Рая Әбілжанқызы алды: Мұқағали әкеміздің поэзиясы – өлмейтін құнды поэзия. Мұқағали әкеміз Италияның атақты ақыны Дантенің «Тәңірлік» комедиясын қазақ тіліне аударған. Мұқағали ақынның өлеңдерінің бәрін сүйіп оқимыз. Өзі айтқандай: «Атымнан адам қойған айрылмаймын» деп, адам деген, ақыл деген аттан түскен жоқ. «Есіңе мені алғайсың» әнін қабыл алыңыздар. Ән өте әсерлі болды. Жерлес ақын Күлімақан Тараншиева естелік айтып, өлеңдерін жатқа айтты. Абай ақын айтқандай «артына сөз қалдырған» ақын өлмек емес.
Мамытқан ағаның шәкірттері мен Абай атындағы мектеп гимназиясының жас ақындары өлеңдерін жатқа айтып, өздерінің шығарған арнауларын айтты. Ақын қыз, Тиірмен ауылының кітапханашысы Жазира Бақаева «Тәңір тау мен егіз ақын Мұқағали» деген ақын рухына арнаған өлеңін оқыды. Бахар ауылынан келген Қойлыбай Ұланның орындауында «Шолпаным» әні орындалып, көпшіліктің көңілінен шықты. Кіші Дихан ауылынан келген студент Сатирям Ребихова «Ғашықпын» деген ақын өлеңін оқыды. Ақын поэзиясы – өлмейтін құнды дүние. Ардагерлер ақын рухына тағзым етті. Осы іс-шараны өткізген әл-Фараби атындағы аудандық кітапхана ұжымына ардагерлер алғысы шексіз.

 Рая САРТОЛОВА
Алматы облысы,
Ұйғыр ауданы

27 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Уйғур авази

21 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ершат Моллахун оғли ӘСМӘТОВ

Редактор блогы